ТҰҒЫРЫ БИІК ТУҒАН ТІЛ

Елбасы Н.Назарбаев бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыруға арналған шарада қатысушылар мәселеге қатысты ұсыныстарын айтты. Отанды сүю тілді сүюден басталататынын жеткізді. Жастарға осы бағытта тәрбие берудің маңыздылығы жайлы айтылды.
Дөңгелек үстел барысында кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, көз тартатын көрнекіліктер ілінді.