ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК БЕЛГІСІ

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті. Байқауға қала өрт сөндіру бөлімшелерінің 5 қызметкерден құрылған командалар қатысты.
Бірнеше кезеңнен тұратын байқауда қазылар алқасы қатысушылардың тілді меңгеруіне, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісіне, музыкалық нөмірлерге баса назар аударды.
Нәтижесінде бірінші орынды №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, екінші орынды №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінен құралған команда жеңіп алды. Үшінші орынға №11 өрт сөндіру бөлімі ие болды. Жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

