ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ
Сырдария аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Онда қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру мәселесі қаралды.
Отырысқа фракция мүшелерімен қатар, аудан ардагерлері, білім саласының қызметкерлері, аудандық партия филиалының, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Халық қалаулылары жиынына төрағалық еткен аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов латын әліпбиіне көшу бүгінгі заманның талабы екендігіне тоқталды.
- Бұл ел дамуындағы ең маңызды оқиға. Заман тәжірибесі әлеми ақ¬парат кеңістігіне өтудің төте жолы ретін¬де латын жазуын көрсетіп отыр. Сондықтан да жетекші партия өкілдері бұл бастаманы насихаттауы қажет,-деп атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған Тереңөзек кенті ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев латын әліпбиіне көшу 6-7 жыл бұрын талқыланғанын, бұл уақыттың талабы екендігін жеткізді.
Фракция отырысында фракция мүшелері пікірлерін білдіріп, Елбасының бағдарламалық құжатынан туындайтын латын әрпіне көшу мәселесін толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.