ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды. Осыған байланысты Қызылорда қаласы ТЖБ қызметкерлері өрттің алдын шараларына арналған шаралар өткізуде.
Негізіген көп жағдайда өрт ереже сақтамаудан бастау алып жатады. Жыл сайын Қызылорда қаласындағы өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторында орын алуда. Осы жылдың 10-қыркүйегіне дейін облыс орталығында 166 өрт тіркеліп, 2 адам қаза тапқан.
Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін департаменттің жеке құрамы қалаға қарасты ауылдық округтерде арнайы шара ұйымдастырып, Қызылорда қаласы ТЖБ бастығы Е. Әлішеров жеке құрамға нұсқаулық өткізді.
Осыдан кейін мамандар өрт қауіпсіздігі шаралары туралы көшелерде дауысзорайтқыш арқылы құлақтандыру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытқа дейін 10475 тұрғын үй араланып, ондағы үгіт-насихат жұмысына 32548 тұрғын қамтылды. Іс-шара барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарды газдан сақтандыру мақсатында 33256 үнпарақ таратылды.