ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ СЕРФИНГШІ ЯН ЛИСЕВСКИ АРАЛ ӨҢІРІНДЕ
Ол теңізді ауданда «Арал Серф Челенндж» атты экспедиция ұйымдастырмақ.
Поляк саяхатшысы Елбасымыздың Аралды құтқаруға байланысты бағдарламаларына қолдау ретінде теңізді серфинг таяқшасымен жүзіп өтуге бел байлап отыр.
Аталған экспедиция шеңберінде ол серфинг саласындағы спорттық білім-жобаларды талқылауды және деректі фильімді түсіруді жоспарлаған. Осы ретте, аудан әкімдігінің қолдауымен Арал қаласындағы мектеп оқушылары және жас спортшылармен арнайы кездесу өткізілген болатын.
Кездесу барысында Ян Лисевски жастарға бұл спорт түрінің ерекшелігіне, жеткен жетістіктеріне тоқталып, алдағы күндері теңіз бетінде таяқшамен жүзу кезінде қолданатын амал-тәсілдерімен бөлісті.
Аталмыш спорт түрімен 31 жасынан бастап айналыса бастаған Гданьск өлкесінің тумасы өзі орнатқан рекордын жаңартуды көздейді.
Еске сала кетейік, Балтық теңізін әлемде ең бірінші болып таяқшамен жүзіп өткен спортшы өзінің алғашқы әлемдік рекордын 24 сағат ішінде 426 шақырымды бағындыру арқылы орнатқан.
Айта кетсек, елімізде үстіміздегі жылдың 15 қазанына дейін жалғасатын экспедиция жайындағы деректі фильм арнайы Польшаның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дүниежүзінде танымал «National Geographic» телеарнасында трансляцияланатын болады.