ІІД ЖАНЫНАН КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ОІІД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қалижан Қобландин мәлімдеді.
Өткен жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес ҚР Ішкі істер министрлігі хаттамалық шешім қабылдап, департаменттер жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құрып, олардың қызметін ұйымдастыру мәселелерін нақтылаған болатын.
«Консультативтік-кеңесші» органдар қызмет айқындығын қамтамасыз етуде ішкі істер органдарына көмек көрсетеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамамен белгіленген қызметтік этика нормаларын бұзған ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттері туралы жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды.