АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
TS «Оңтүстік жанармай» ЖШС мұнай қоймасында төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау жөніндегі комиссияның қатысуымен арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарларда өрт болған жағдайда халықтың, авариялық-құтқару қызметтерінің, басқару органдарының және қалалық ТЖ комиссиясының әрекет етуге дайындығын тексеру, шұғыл басқару және жоспарлау жүйесінде барлық деңгейдегі шұғыл кезекшілердің диспетчерлік қызметі және болжау жұмысын ұйымдастырылуын бақылау мен атқарушы органдардың техногендік авария жағдайындағы әрекетінің, халықты нақты тіршілікпен қамтамасыздандырылуы бойынша дайындығын бағалауға арналған оқу-жаттығуға облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов жетекшілік етті.
Оқу-жаттығуға қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау жөніндегі комиссиясы, қалалық эвакуациялық комиссиясы, TS «Оңтүстік жанармай» ЖШС-нің нысандық өрт сөндіру командасы, облыстық ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ базасындағы өртке қарсы қызметі, облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі базасындағы қоғамдық тәртіпті сақтау тобы, ҚР ҰҰ 5547 әскери бөлімі базасындағы қоғамдық тәртіпті сақтау мамандары, ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары, ҚР ІІМ ТЖК «Апаттық медицина орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы базасындағы жедел медициналық көмек көрсету бригадасы қатысты.
Шарт бойынша сағат 15.00-де облыстық ТЖД ШК-не TS «Оңтүстік жанармай» ЖШС-нің кезекшісінен TS «Оңтүстік жанармай» ЖШС-нің аумағындағы мұнай сақтайтын резервуарларының бірінде өрт орын алғаны және С.Торайғыров көшесімен өтіп бара жатқан химиялық қауіпті (хлор) жүгі бар автокөліктен өрт болып жатқан резервуарға химиялық қауіпті заттың төгілгені туралы ақпарат түсті.
Алдымен Қызылорда қаласы АҚМЖ звеноларын толық дайындыққа келтіру, ТЖК, ЭК, авариялық-құтқару қызметтері, АҚ қызметтерінің өрт жағдайындағы әрекеті көрсетілді.
Одан соң TS «Оңтүстік жанармай» ЖШС-нің аумағындағы мұнай сақтайтын резервуарында болған өрттің зардаптарын жою бойынша ТЖ комиссиясы, АҚҚ құрылымдарының әрекеті бақыланды. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің жеке құрамы орын алған өрт ошағын өшіруге кірісті.
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары төтенше жағдай кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы мамандарына және медициналық жедел жәрдем бригадаларына тапсырды. Оқу-жаттығуға 325 адам мен 47 техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу орны бойынша авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң команда басшылары штабқа жүктелген міндетті ойдағыдай орындағаны туралы баяндады.