248 ҚЫЗМЕТКЕР ОРТА БАСШЫ ҚҰРАМ ЛАУАЗЫМЫНА АУЫСТЫ
Полиция қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалын көтеру, материалдық қамсыздандырылу көрсеткішінің еңбек қызметі мен ауқымына сай болуын қамтамасыз ету, Жергілікті полиция қызметінің мәртебесін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан Үкіметке ұсыныс әзірленген еді. Жоба облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев тарапынан қолдау тауып, нәтижесінде Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция саласындағы кіші басшы құрам лауазымдағы 248 қызметкері орта басшы құрам лауазымдарына ауыстырылды. Осы орайда біздің аймақ Үкімет алғашқы болып қолдаған 4 облыстың бірі болып отырғанын айта кету керек. Бұл туралы Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ибраев Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Полиция жүйесінде жаңадан енгізілген реформа полиция қызметкерлерінің жергілікті халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік беруде.
Есепті мерзімде, қала және аудан әкімдерімен бекітілген кестеге сәйкес, учаскелік полиция инспекторлары 1548 рет (2016ж.-1032, 2017ж.-516) тұрғындар алдында есеп берді.
ЖПҚ басшылығы да 23 мәрте жергілікті әкімдердің және 11 рет мәслихат депутаттарының, сондай-ақ 9 рет халық алдында атқарған жұмыстары жайлы айтты.