РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жазушы, драматург, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сұлтанәлі Балғабаевпен кездесу өтті. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға облыстық ассамблеясының белсенділері мен құрылымдары, этномәдени бірлестіктер, жазушылар, шығармашылық қауым, мемлекеттік мекемелердің, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Сұлтанәлі Балғабаев дүниежүзіқазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алтын бесік» журналының бас редакторы. Жазушылар одағы жанындағы драматургия кеңесінің төрағасы. 80-ші жылдардан бастап драматургия жанрында жемісті еңбек етіп келеді. «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр», «Сағыныш пен елес», «Өтірік айтпайтын адам», «Әйелдер әлемі» атты пьесалары республикалық театрларда сәтті қойылып жүр. Автордың драмалық шығармалары «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз» деген атпен екі рет кітап болып жарық көрген.
Іс-шара барысында қаламгер өз шығармашылығы жайында ой тербеп, Елбасы мақаласынан туындайтын пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір-алмасуға ұласты.