ҚАЗАЛЫДА МАЛ БАСЫ КӨБЕЙДІ
Қазалы ауданында мал шаруашылығында да оң өзгерістер бар. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда малдың барлық түрінде өсім бар. Бұған мемлекеттік «Сыбаға», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламалары шеңберінде атқарылған жұмыстар мал басының көбеюіне септігін тигізуде. Сонымен қатар, ауданда «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары іске асырылуда.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар 22,1 пайызға, «Құлан» бағдарламасы 130,6% пайызға орындалды.
Алда аудан ауылшаруашылығында басқа да жобалар іске асырылады деп күтілуде.
Биыл «РЗА» АҚ-ның «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өңдеу зауытының ІІ кезеңін» жүзеге асыру жоспарланып, тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт өңдеу көзделуде. «РЗА» мал фермасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» жобасын іске асыру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге бюджеттен 13,5 млн. теңге қаралды.
«Жеңіс» шаруа қожалығының «Түйе, жылқы сүтін өндіру және мал бордақылау кешені» жобасы бойынша 1,8 гектар жер учаскесіне кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша қымыз, шұбат өндіру, мал сою пунктін салу және барлық мал түрлерін бордақылау жұмыстары атқарылатын болады.
Осы арқылы Қазалы ауданында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту, өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, жергілікті салық базасын толықтыру бағытында жұмыстар атқарылуда.