ӨНЕРЛІ ОҚУШЫЛАР ҚАЛА КҮНІНЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ
Қызылордада қала күні мерекесі аясында «Өткені сырлы, келешегі нұрлы Қызылордам» атты шығармашыл жастар фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Мереке аясында мектеп оқушыларының инновациялық ғылыми-зерттеушілік жəне танымдық қабілеттерін жетілдіруге арналған көрме мен «Сүйкімді бүлдіршін-2017» байқауы ұйымдастырылды. Жас қылқалам шеберлері «Дария жағасындағы қала» тақырыбында шаһардың кешегі және бүгінгі келбетін кескіндеді. Спортты серік еткен жасөспірімдер сайысы мен Сыр бойында мекендейтін құстар көрмесі де көпшіліктің қызығушылығын туғызды. «Сүйікті қалама – 199 жыл» атты мектеп оқушыларының флеш-мобы шараны қорытындылады.
– Мектебіміздің қолөнер шеберлері, оқушыларымыз және ұстаздарымыз ЕХРО 2017 көрмесіндегі этноауылға қатысып келді. Осы көрмеде арнайы жасалған оқушыларымыздың ғылыми жұмыстары бар. Негізгі мақсатымыз – оқушыларды барлық жағынан таныту, ұстаздар еңбегін көрсету,– дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов.