АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ
Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Аналар кеңесінің отбасылық тұрақтылық мәселелері бойынша I Республикалық форумы өтті. Аналар кеңесінің республикалық форумына қатысушылар осы жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Үндеу жолдады. ҚазАқпарат ХАА Үндеудің толық мәтінін ұсынады.
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумының қатысушылары, еліміздің Тұңғыш Президенті Күнінің қарсаңында, Ұлт Көшбасшысы - Елбасымызға бүкіл қазақстандық аналардың атынан балаларымызға, отбасыларымызға, болашағымызға жасап отырған қамқорлығыңыз үшін зор алғысымызды және шынайы құрмет сезімімізді білдіреміз.
«Мерейлі Отбасы» конкурсының жеңімпаздарымен кездесу барысында Сіз «Еліміз - біртұтас отбасы құрған үлкен әрі мықты Бейбітшілік пен Келісім Үйі», - деп айттыңыз.
Сіздің кең жүрегіңізде еліміздің әрбір азаматына орын табылады. Бұл - қасиетті ақиқат! Бұл - тарих пен уақыт сынынан өткен, іспен дәлелденген шындық! Бұл туралы санамызға сенімділік және рухымызға үміт ұялатқан Сіздің «Нұрлы Жол - болашаққа бағыт» Жолдауыңыз айтып отыр. Осы үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.
Отбасы ошағын өшірмеген, біз, мемлекеттің Тәуелсіздігі, ұрпағымызды тәрбиелеу, отбасы институтын, әр үйде бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін жауапкершілікті жүрекпен сезінеміз. Толеранттылық пен достықты қалыптастырудағы және елімізде тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өзіміздің аналық миссиямызды абыроймен атқарып келеміз.
Ана жүрегі өз елінің, өз балаларының және жақындарының табыстары мен қиыншылықтарын жақсы сезеді.
Сондықтан, бірегей туынды - Сіз құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы шаңырағының астында бірігіп, тек бірлесе отыра қиыншылықтарды жеңіп, әл-ауқатты ел болып, жетістіктерімізді мақтаныш ететінімізге нық сенеміз.
Жолдауда Сіз: «бүкіл қазақстандықтардың арасында сенімді күшейтуіміз, бір-бірімізге толерантты болуымыз, этносаралық келісімді, жалпыхалықтық игілік боп табылатын тұрақтылықты нығайтуымыз, отбасы құндылықтарын сақтауымыз қажет», - деп ерекше атап өттіңіз.Бұл нағыз ердің сөзі, әкелік сөз!
Біз, әйелдер мен аналар, Сізді жақсы көреміз және салиқалы саясатыңызды мақтан тұтамыз. Ортақ мақсатымыз - бейбітшілік, амандық және Қазақстанның гүлденуі үшін бар күш-жігерімізді саламыз.
Осындай Президенті бар халық бақытты екендігін мақтанышпен мәлімдейміз! Президентімізбен бірге, алға Қазақстан!!!
Біз Сізді, отбасыңызды және Қазақстанның бүкіл халқын Тұңғыш Президент Күнімен құттықтаймыз. Денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!
Астана қаласы, 2014 жылғы 13 қараша
***
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Аналар кеңесінің республикалық форумы қатысушыларының
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа

ҮНДЕУІ
Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумының қатысушылары, еліміздің Тұңғыш Президенті Күнінің қарсаңында, Ұлт Көшбасшысы - Елбасымызға бүкіл қазақстандық аналардың атынан балаларымызға, отбасыларымызға, болашағымызға жасап отырған қамқорлығыңыз үшін зор алғысымызды және шынайы құрмет сезімімізді білдіреміз.