ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ХI ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
«Достық үйінде» «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың қатысуымен «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының ХI есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияның күн тәртібінде Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттер, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының 2017 атқарған жұмыстары мен «Жас Отан» ЖҚ ІV съездіне Қызылорда облыстық филиалы атынан делегаттар сайлау мәселелері қаралды.
Жиын барысында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жастар үшін маңызы зор екеніне тоқталды.
- Елбасы көздеген мәңгілік Қазақстанның болашағы Сіздердің қолдарыңызда. Яғни, ХХІ ғасырдың ұрпағы ретінде Сіздерге қойылар басты талап үлкен жүректiлiк, өр рухтың, саналы сананың иесi болу, озық технологиялардың кез-келген саласын жіті меңгеру, жаңашылдықпен жұмыс жасау,- деді Ибадулла Құттықожаев.
Сондай-ақ филиал төрағасының бірінші орынбасары ұлттық санаға, ең алдымен, әсер ететін күш – ана тілі болғандықтан тілімізді реформалау ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам екенін айтты. Мемлекет басшысы атап өткендей, латын қаріпі бізге бүкіл әлем халықтарымен, әлемдік ғылым және білім берумен ашық қарым-қатынас жасау үшін керек.
«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, партияның алға қойған мақсат міндеттерін орындауда 11 астам мүшесі бар жасотандықтар аянып қалмайтындықтарын жеткізді.
120 делегат қатысқан конференцияда бірыңғай қолдау нәтижесі бойынша Қызылорда облысынан «Жас Отан» Жастар қанатының ІV съезіне 43 үміткер делегат болып сайланды.