ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҚАНЫҚТЫ
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде ҚІІД Жергілікті полиция қызметі жол патрульдік қызметін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Е. Бихожаевтың қатысуымен, жол қозғалысы ережелері бойынша және жолда қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы сабақ өткізілді.
Сабақ барысында жасақ құтқарушыларына Жол қозғалысы ережелеріне 2017 жылы енгізілген өзгерістер туралы түсіндірілді. Тындаушыларға жүргізушімен қатар, жолаушының, жаяу жүргіншінің құқығы жөнінде айтылды. ҚР ІІМ Төтеше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары М. Доспенбетов жедел шақырулардағы арнайы автокөлікті және жеке автокөліктерін басқару кезінде жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі жайлы атап өтті. Шара барысында жасақ құтқарушылары көкейде жүрген сұрақтарына нақты жауап алды.