СПОРТ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ ҮШІН СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын, мемлекеттік сатып алу рәсімін, еңбек қатынастарын реттейтін тиісті заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелердің басты міндеті болып табылады.
Осы орайда, заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қала, аудандардағы спорт мектептері мен кәсіпорындарының есеп, мемлекеттік сатып алу және кадр мамандарына арналған семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Майра Өмірбаева қатысып, мемлекеттік сатып алу заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша хабарлама жасады. Сондай-ақ, қатысушылардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда кездесетін мәселелеріне байланысты пікір алмасу болды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшылары С.Жұматов, Ә.Алтаева және Г.Елжановалар қолданыстағы заңнамалар бойынша күнделікті жұмыс барысында кездесетін кемшіліктер мен проблемалық мәселелерді көтеріп, заң нормаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді және мәселеге орай сауалдарға жауап берді.