ҚАЗАҚСТАН "ЭКСПО-2015" КӨРМЕСІНЕ ҚЫМЫЗДЫ ГЕРМАНИЯДАН АЛЫП БАРАДЫ
Себебі қымызға патентті алманиялықтар ертеректе алып қойған. Бұл туралы журналистермен бейресми кездесу өткізген "Астана EXPO-2017" ұлттық комитетінің өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Алматы арнасы.
Қымыздан бөлек, көрмеге басқа да ұлттық тағамдар ұсынылады. Қазы-қарта, жал-жая. Бір қуантарлығы - бұл тағамдар әзірге өзімізге тиесілі.
Кездесуде ұлттық компанияның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев жағымды жаңалықтарымен де бөлісті. Осы жылдың сәуір айында басталған ЭКСПО қалашығының құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп, жоспардан артық жұмыс істеліпті.
Ал ұлттық компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей, Миланда өтетін көрменің тақырыбы біздікімен ұқсас болғандықтан, біраз тәжірибе жинақтап қайтамыз деп отыр.
"Ол көрмеге 160-тан астам ел қатысады. Бірақ біздің павильон бәрінікінен ерекше көріну үшін бар күшімізді саламыз. Бізде қандай ұлттық тағамдар бар екенін көрсетеміз. Бірақ еуропа елдерінің стандарттарына сәйкес қымызды Қазақстаннан алып бара алмаймыз. Сол себептен Германия аумағында қымыз дайындайтын компаниялармен келіссөздер жүргізілуде", - деді ол.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Астанада өткен Қазақстан-Италия экономикалық форумы барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Италия елінің тәжірибесімен танысу мақсатында Миланда өтетін ЭКСПО-2015 көрмесіне өз делегациямызды жіберетінімізді хабарлаған болатын.
Қазіргі таңда "Планета үшін тағам, өмір сүруге қуат" тақырыбында өтетін көрмеге біздің ел шілде айынан бері өз павильионын құруда.