МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында "Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі" тақырыбында облыстық ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Қызылорда қаласы, №101 мектеп-лицейі базасында өткен ғылыми байқау қорытындысында Қармақшы ауданындағы №99 мектептің 9 сынып оқушысы Айшолпан Жұмабекова білім басқармасы басшысының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломды №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Жанель Шайық пен Ділнәз Қадыр, №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Диас Мұхамбетқали, Биғали Аманжаев өзара бөлісті.
Қармақшы ауданындағы №234 орта мектептің 10 сынып оқушысы Дамир Құдайберген, №105 орта мектептің 8 сынып оқушысы Меруерт Бәйтерекова, Қазалыдағы №103 орта мектептің 10 сынып оқушысы Гүлжазира Мырзабек, Сырдария ауданындағы №35 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Баян Болатова, №139 орта мектептің 8,9 сынып оқушылары Аягөз Тұрсынбай мен Айжан Серік III дәрежелі дипломға лайық деп танылды.