ҚАРМАҚШЫЛЫҚ АҚЕРКЕ 370 ӨЛЕҢ, 2 ПОЭМАНЫ ЖАТҚА АЙТАДЫ
Жуырда Семей қаласында XVІІІ республикалық Абай және Шәкәрім оқулары өткізілді.
Оған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы Ақерке Жантанова қатысты. Шарада екінші орынға ие болған Ақерке байқауға қатысу үшін 370 өлең, 2 поэма жаттаған.
Ақеркені байқауға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мақпал Жүнісова. Қатысушылар арасында үздік өнер көрсеткен жерлестеріміз XVІІІ республикалық Абай және Шәкәрім оқуларының «Сөз зергері» номинациясын иеленді.