БҮГІНГІ ЖАС - ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ
Бүгін Жаңақорған ауданы, Талап ауылдық округінде аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев аудан жастарымен еркін пікір алаңында кездесті.
Кездесу барысында аудан жастары аудан басшысына кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салаларын жандандыру бойынша ұсыныс - пікірлерін жеткізіп, ойларын айтты.
Еркін форматта өткен шараға барлық ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі мамандары, жас кәсіпкерлер және жоғары сынып оқушылары қатысты.