КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа коалицияға мүше партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ, белсенді жастар, облысымыздағы сот және құқық қорғау органдарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатыстып, мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру және әліпбидің бірыңғай стандартын енгізуге қатысты ойларын ортаға салды.
Кеңес отырысын ашқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев тілімізді реформалау ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам екенін ерекше атап өтті.
-Әлемдік тәжірибеге көз жүгітсек, өркениетке, мәдениетке және ғылымға жол салған кез - келген мемлекет ең алдымен тілдің дамуына ерекше көңіл бөледі. Осы жолда Елбасымыз Тәуелсіздік алған күннен бастап қазақ тілін көтеруге баса назар аударды. Ендігі біздің рухани даму, өркендеу жолымыз, қазақ тілінің заманға сай жаңа әліпбиін жасаудан басталады,-деді Ибадулла Дүйсенбайұлы.
Сондай-ақ ол жаңа әліпби - түркі әлемі халықтарын жақындастырып, біріктіріп қана қоймай, әдебиетіміз бен мәдениетімізді дәріптейтін, ғылым-білімнің мол қазынасын еркін игеруге жол ашатын өте маңызды фактор екенін атап өтті.
Жиын барысында коалиция мүшелері Парламенттік тыңдауда таныстырылған жаңа алфавитті жан-жақты талқылап, Сыр халқын жаңа реформаны қолдап, өз Үндеуін жариялады.