ҚАЗАЛЫДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Қазалы ауданында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өтті. Жиынды аудан әкімі Нажмадин Шамұратов жүргізіп отырды. Отырысқа ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, білім беру саласының мамандары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қоғам арасында қолдау тапқан жаңа әліпбидің ғылыми негізделген жүйесі туралы аудандық мәслихат депутаты, аймақтық «Тұран-Қазалы» газеті бас редакторының орынбасары Ғазиз Әліш, №266 мектеп-лицей директоры Болат Жолтаев, «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Базаркүл Жолболды баяндама жасап, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, латын әліпбиі сыртқы әлеммен байланысқа шығуға аса тиімді екендігіне тоқталып, жаңа реформаны қолдайтындықтарын білдірді.