ТІЛІМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесі аталып өтеді.
Осыған орай 17 қыркүйек күні тіл мерекесіне орай Сырдария аудандық балалар кітапханасының оқу залында «Көкте- бұлбұл, жерде-тілім сайрашы» атты интеллектуалды брейн-ринг сайысы ұйымдастырылды.
Ұстаздар мен оқушылар қатысқан мәдени шарада қазақ зиялыларының тіл туралы дәйек сөздері, түрлі-түсті шарлар ілініп, «Елдіктің түп қазығы-туған тіл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Туған тілдің тұғырын бекіту арқылы Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеуге шақырған шараға белсене қатысқандар марапат биігінен көрінді.