ЖАЛАҒАШТА ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Кеше Жалағаш кентіндегі Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттайтын ақпараттық-насихаттық топтың қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов модераторлық жасап, латын әліпбиіне көшудің басты себептеріне, маңыздылығына тоқталды.
Жиынға ардагерлер, аудандық мәслихат депуаттары, мемлекеттік қызметшілер, білім беру саласының мамандары, үкіметтік емес және жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар жиын барысында ақпараттық-насихаттық топ құрамындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Сәдуақасұлы, облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева, сөз алып, латын әліпбиіне көшудің негізгі мәселелеріне тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтар қойылды.