ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Жат әдеттің алдын алу шараларына үн қосуды көздеген Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ең үздік эссеге байқау жариялап, оған 15-21 жас аралығындағы оқырмандар қатысқан болатын.
Байқауға қатысқан 22 оқырманның еңбектерін сараптай келе, әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша «Абылай хан» атындағы колледж студенті Мөлдір Әбдірауышова, Қызылорда экономикалық колледжінің студенттері Мөлдір Шегебай мен Сымбат Нұрлан дипломант атанды.
