ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ – ТЕРМЕ
"Рухани жаңғыру" жалпыреспубликалық жастар акциясы аясында Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнерді дамыту орталығының мәжіліс залында «Текті сөздің төресі - терме» тақырыбында аудан жастарының жыршы-термешілермен кездесуі болып өтті.
Кездесуге жыршы-термеші, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушысы А.Рахметов және Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің директоры, халықаралық, республикалық жыршы-жыраулар байқауларының бірнеше дүркін бас жүлдегері, жырау С.Жақсығұлов қатысып, жастарға қазақ өнерінің қадір-қасиетін түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Ауданымыздың жыршы-термешілері де кездесуде қалыс қалмай, ауылдың алты ауызын айтса, өнерге енді қадам басып жатқан жас жеткіншектер күмбірлете күй төкті.
Рухани кеш соңы ұлттық дәстүрді ұлықтап жүрген өнерпаздардың жыр-термесіне ұласып, ұйымдастырушылар тарапынан қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.