ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАМАҒАТТЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Ораза айттың алғашқы күні отыз күн бойы ауыз бекіткен жамағат ауыздарын ашып, айт намазын оқыды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне барып, жамағатты мерекемен құттықтады.
- Рамазан айы – мұсылмандар қауымының үлкен мерекесі. Бұл – ислам жолын ұстаған күллі мұсылман қауымы үшін жақсылықтар айы, рухани жаңару айы. Қасиетті айда тілеген тілектеріңіз, оқыған дұғаларыңыз қабыл болсын. Тағы бір айта кетерлігі, үш күн айттан кейін орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мешіттің кіре берісі ұлттық нақышта безендірілетін болады, - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.
Қасиетті айда аймақта жақсы істер жасалып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бір ай бойы мешіттерде ауызашар беріліп, тарауих намазынан кейін жамағатқа тегін автобус қызмет көрсетті. Барлық аудандар мен облыс орталығында уағыз айтудан, Рамазан айы туралы мақала жазудан сайыстар ұйымдастырылды.
Мешітке жиналған жамағат Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етті.
Айт намазынан кейін түрлі спорттық сайыстар өткізілді. Гір көтеру, арқан тарту, күрестен мықтылар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі