«ҚАЗПОШТА» АҚ ПОШТАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ
«Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының құрамында Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы пошталық байланыс бөлімшелерін қамтып отыр.
Барлығы облыс бойынша 188-тен астам өндірістік нысандары жұмыс істейді. Өндірістік нысандардың басым бөлігі – шалғай ауыл–аймақтарда орналасқан. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындарына қолжетімді сапалы қызметтер түрлерімен қамтамасыз ету жолында өндірістік нысандарының 188 ден 154 -ті автоматтандырылды. Бұл жайында «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының БАҚ өкілдеріне арналған пресс-турында айтылды.
Филиал басшысы Аида Әбибуллаева тілшілерді салада жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Ауыл тұрғындары қаржылық қызметтердің ішінде зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен еңбекақы төлемдері бойынша қызмет қолдану деңгейі басым. Тұтынушылардың басым көпшілігі үлкен жастағы зейнеткерлермен жәрдемақы алушылар болғандықтан, тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін ауылдық почта бөлімшелеріне Post-терминал құрылғылары орнатылған. Post-терминал құрылғысы арқылы жылдам зейнетақы, еңбекақы мен әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігіндігін пайдалана алады. Облыс деңгейінде Post-терминал құрылғыларымен қамту үлесі 87 % құрады. Алдағы 1-2 жылда барлық облыс аумағын қамтиды.
«Қазпошта» АҚ-ның бастамасымен бюджеттік мекеме қызметкерлері «Жалақы төлеу жобасы» ұсынылды. «Жалақы төлеу жобасының» артықшылығы - бұл бюджеттік мекеме қызметкерлері «Қазпошта» АҚ – ның почта бөлімшелері арқылы халықаралық төлем карточкаларын рәсімдеп, еңбекақыларын алуға үлкен мүмкіндік жасалуда. Себебі, аудан орталықтары мен ауылдарда екінші деңгейлі банктер жоқ. Сол себепті, ауыл тұрғындарына төмен пайызбен пошта бөлімшелері арқылы еңбекақымен жәрдемақыларын (зейнетақыларын) алуға мол мүмкіндіктер жасалуда.
Қазіргі уақытта, «Қазпошта» АҚ шығаратын «Visa» халықаралық төлем карточкілерін қолданатын тұтынушылар саны күннен күнге артып келеді.
Сонымен қатар, пошта байланыс бөлімшелері арқылы жедел ақша аударымдарын әлем елдері мен Қазақстанның кез-келген аймағына жылдам және сенімді түрде жіберуге болады.
Аталған қызметтердің ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы үшін аудандар орталықтары мен ауылдарда почта байланысы бөлімшелерін дамыту мен ашу жұмыстары жүргізілуде.
Баспасөз басылымдарына жазылу науқаны жыл сайын өткізіліп, халықтың назарларына ұнамды қазақстандық және ресейлік газет-журналдар тізбегі ұсынылып отырады. Ауыл тұрғындарының газет журналдарға жазылуға деген деңгейін жақсарту мақсатында аудан, ауыл әкімдерінің мемлекеттік ақпараттық газет-журналдарға жазылуға ықпал ету жұмыстары жүргізілуде.
2017 жылы бірнеше жаңа форматты, үздік технологиялармен жабдықталған бөлімшелер халық игілігіне берілді. Бұл бөлімшелер бірнеше залдарға бөлінген: пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғаларға арналған операциялық залдар, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны, сәлемдемелер супермаркеті, өзіне-өзі қызмет көрсету орны және айырбастау пункті. Осындай игі істердің арқасында сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту уақыты 2-3 минутқа дейін қысқарды, ал супермаркеттер арқылы берілетін сәлемдемелер саны екі есеге артты.
2017 жылдың қаңтар, ақпан айларында облыс көлемінде орталық операциялық учаскі, Жалағаш, Сырдария аудандық пошта байланыс бөлімшелері модернезациядан өтіп, жаңа заманауи талаптарға сәйкес өз клиенттеріне қаржылық, пошталық қызметтер түрлерін ұсынып отыр.