ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МҰРАЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Сәулетті ғимаратта «Рухани жаңғыру орталығы» жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ аймақ зиялыларының бас қосып, ұлттық құндылықтар мен ел тарихын әспеттеу тұрғысындағы келелі кездесулер өткізетін алаңыға айналмақ. Музей жанынан жастар орталығының да іргетасы қаланды. Одан бөлек сол жағалаудағы жаңа шаһарда 18 көпқабатты тұрғын үй мен балабақша салынып жатыр.
– Жастар орталығының жоба-сметалық құжатына мұнай компаниялары есебінен 30 млн тг ақша бөлінді. Ол жасалып, осы айдың аяғына дейін беріледі. Музейдің жоба-сметалық құжатына 7,7 млн тг, ал құрылыс-монтаж жұмыстарына 105 млн теңге бөлінді. Жылдың аяғына дейін тапсырылады деп жоспарлап отырмыз, – дейді облыстық құрылыс, сәулет басқармасы басшысының орынбасары Сұлтанбай Қонарбаев.