БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ АЗИЯ ПАРЛАМЕНТШІЛЕРІ ФОРУМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ КЕЙЗО ТАКЕМИМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумының төрағасы Кейзо Такемимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру бойынша бастамаларды іске асыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Анықтама:
Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумы (ХҚДАПФ) БҰҰ қорының халықтың қоныстануы саласындағы бастамасымен 1981 жылы құрылған. Форум халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады.
Форумның хатшылығы Бангкокта (Таиланд) орналасқан. ХҚДАПФ құрамында халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентшілердің 29 ұлттық комитеті жұмыс жасайды. Форумның жоғары органы - Бас ассамблея. Бас ассамблеяның отырысы әр 3 жыл сайын өткізіледі.