ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАЛҒА ЗАҢСЫЗ БЕРІЛІП КЕЛГЕН 110 ПӘТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Сонымен қатар аталған аумақта тұрғын үй қызметінің өкілдерімен бірлескен түрде тексеру жұмыстары жүргізіліп, 110 пәтердің жалға заңсыз берілгендігі анықталып, қалалық кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша қазір күндізгі уақытта Өсербаев көшесінде учаскелік полиция инспекторларынан бөлек 1 экипаж қосымша бөлініп, күшейтілген жүйеде қызмет атқаруда.
Айта кетерлік жайт, қыркүйек айының 4-7 аралығында Жергілікті полиция қызметі, көші-қон полиция бөлімі, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен аталған аумақта қысқа мерзімді жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, 24 әкімшілік құқық бұзушылық пен шетел азаматтарын тіркеу заңдылығын бұзудың 6 дерегі анықталды.