БЕС РЕФОРМА – БЕС БЕЛЕС

Жалпыға ортақ Ұлт жоспарының әр қадамын іске асыру бағытындағы шаралар жайлы кеңінен айтылған талқылауда «Ұлағат» көпсалалы колледжінің оқытушысы Г. Мұсаева мен М.Шәкірбекқызы, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Г. Жақыпова ұлттық жоспарда белгіленген қадамдардың тарихи маңыздылығына, келешегі зор екендігіне ерекше назар аударды.
Хабарламашылар Елбасының халыққа жолдаған 100 нақты қадамын іс жүзінде жүзеге асырудың жолдарына тоқталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеологиялық бағытын да түсіндіріп, жастарды рухы мықты, туған жерін сүйетін азамат болуға үндеді.
Шара барысында «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
