«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша шараның 5 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың 2032 дерегі тіркелді. Оның ішінде, 41-і көлік құралын мас күйінде басқарса, рульде отырып телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғандар 356 болды. Сондай-ақ, белгіленген жүру жылдамдығын шамадан тыс арттырған 272, қауіпсіздік белдігін тақпаған 668, маневр жасау қағидаларын бұзған 80 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар, шара барысында жол жүрісі ережесін бұзған 31 қоғамдық автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.