ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ «АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫНЫҢ АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ
«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы Қызылорда облысы көлемінде қарқынды жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні, жалпы тәртіпте сотқа жолданған 328 қылмыстық істің 247-і жоба аясында жолданып, үлес салмағы 75,3%-ды құраған.
Жоба аясында жолданған 247 қылмыстық істің 70-і хаттамалық, 152-і жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру, 25-і процестік келісім нысанында аяқталған.
Облыс көлеміндегі қылмыстық ізге түсу органдарында жоба аясында барлығы 9 жауап алу бөлмелері ашылып (әйнектелген есік, қоршаумен жасалған), қажетті техникалық құралдармен толық жабдықталып, сәйкесінше толықтай бейнебақылау камералары орнатылған.
Бұл жауап алу бөлмелері тергеп-тексерудің ашықтығын қамтамасыз етіп, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруда.
Атқарылған осы нәтижелі жұмыстардың арқасында үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде қадағалау саласы бойынша Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарына түскен өтініштер саны 1800-ден 1410-ға немесе 22% азайған.
Жобаның облыс көлемінде одан әрі қарқынды жүзеге асырылуы Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешовтың назарында.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі