ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТАҒЫ ДА ЖЕЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 19-20 қыркүйек күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел тұрады. Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды қажеттігін ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы