ҚАЗАЛЫДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМ ӨТТІ
Қазалыда «Біз жемқорлықсыз қоғамды таңдаймыз» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық форум ұйымдастырылды.
Форумда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бағдат Изкенов, аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Ахметов хабарлама жасады.
Сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Қазалы аудандық бөлім басшысы Еркін Құсан аудан жастары атынан үндеу жариялап, форумға қатысушыларды жемқорлықпен күресте бірге болуға шақырды.
Форумға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында әзірленген бейнероликтерді көріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дайындалған кітап және сурет көрмелерін тамашалады.