КИЕЛI ӨҢІРДІҢ КӨРІКТІ КЕЛБЕТІ
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болып, Жосалы кентіндегі әлеуметтік нысандарды аралады және бірқатарының ашылу салтанатына қатысты.
Алдымен кент кіреберісінде бой көтерген «Мәңгілік ел» монументіне барды. Монумент елді мекеннің ажарын ашып, көркіне ерекше сән беріп тұр. Нысанның құрылысына 43350 мың теңге қаржы жұмсалыпты. Бас мердігер – «Өмірзақ» серіктестігі. Аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов осы бағытта атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Аймақ басшысы мазмұнды істің жас ұрпаққа берер тәлімі мол екенін айтты.
– Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев кешегі өзінің тарихи Жолдауында халық ретінде қалыптасуымыздың, ұлт ретінде ұйысуымыздың, мемлекет ретінде нығаюымыздың Мәңгілік ел берік идеясының сонау көне түркі заманынан бастау алған философиялық категория «Мәңгілік» ұғымымен сәтті ұштастыра отырып, мемлекетіміздің, дамуымыздың темірқазығын белгіледі. Ал бүгін Жосалы кентін абаттандыру ісі осындай үлкен идеологиямен ұштастырылып отыр. Бұл алаңның халық рухының серпілісіне, жастардың тәрбиесіне ықпалы орасан зор деп есептеймін, – дей келе, облыс басшысы қармақшылықтарды елдігіміз бен бірлігіміздің айшықты нышаны болған монументтің ашылуымен құттықтады.

Осы жерде облыс әкімі жалынды жастармен жүздесіп, ойлы сөздері мен әсерлі жырларына құрақ түрді.
– Ақындық пен жыраулықтың алтын бесігі саналған Қармақшы жерінің жастары жарқын болашақ үшін жасалып жатқан әр іске қуанады. Біз, жасұландықтар, Мәңгілік еліміздің өсіп-өркендеуіне өз білімімізбен, өнегелі тәрбиемізбен үлес қосамыз, – деді жас өрен Данабек Жайлаубаев.
Мәдени шара әрі қарай жас ақындардың «Мәңгілік ел» тақырыбындағы мүшәйрасына жалғасты.
Бұдан кейін облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы және ел ағалары кенттегі «Этноауылдың» ашылу рәсіміне қатысты. Мұнда меймандарға ауданда атқарылған игі жұмыстарға қуанған елдің ықыласын бейнелейтін шағын көрініс көрсетіліп, «Әжелер» ансамблі мен жыршы-термешілер әннен шашу шашты. Содан соң қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын «сөйлеткен» «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Қыз ұзату», «Беташар», «Бастаңғы», «Алтыбақан», «Асық ату», «Арқан тартыс» және басқа да көріністер көрсетілді. Сондай-ақ жүн түту, ұршық иіру, кесте тоқу секілді қазақтың қолөнер жұмыстарымен танысты. Этноауылда өзге ұлт өкілдері тағамдарын дайындап, ән салып, би де биледі. Саябақта домбыра тартқан қыздардың мүсіні де қойылған. Бір сөзбен айтқанда, көпшілік этноауылдан нағыз қазақ ауылының бейнесі мен бірнеше ұлттың бір шаңырақ астында тату-тәтті тірлігіне куә болып, ерекше әсерге бөленді.
Бұл ауқымды шаралар "Қармақшы күні” мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Облыс әкімі аудан халқын құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
– Киелі Қорқыт баба мекені – Қармақшы жері жылдан жылға көркейіп, экономикасы дамып, шаруашылығы қанат жайған аймақтағы алдыңғы қатарлы аудандардың біріне айналып келеді. Аудан орталығы мен елді мекендерінде заман талабына сай көптеген әлеуметтік нысандар ашылып, тұрғындардың мәдени демалуына, бос уақыттарын мазмұнды ұйымдастырып, жастардың әр түрлі шаралар өткізуіне, қариялардың салиқалы әңгіме-дүкен құруына қызмет етуде. Солардың бірі – кент кіреберісіндегі «Мәңгілік ел» монументі. Құрылысы жүргізіле бастаған мұражай мен кітапхана, жаңадан салынған емхана ел игілігіне арналады. Ал республикамыздың басқа жерлерінде кездеспейтін этноауыл кешені – алғашқы мәдени нысан. Бұл өзінің ерекшелігімен – жас ұрпақтың бойында бірлік пен салт-дәстүрді насихаттайтын жұмыстарымен құтты болмақ, – деді аймақ басшысы.
Этносаябақтың құрылысына облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінген. Бас мердігері «Туған ел келбеті» серіктестігі нысанның құрылысын сапалы аяқтады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсынбек Бекбанов бүгінгі күн халыққа қуаныш сыйлағанын, әлеуметтік нысандардың бірінен соң бірі бой көтеріп жатқанын жеткізді. Осындай игі істердің жүзеге асуына мұрындық болған облыс басшылығына алғысын білдірді. Бұдан кейін аймақ басшысы іргетасы қаланған мұражай мен кітапхананың және 250 келушіге арналған жаңа емхананың құрылысымен танысты. "Қармақшы күні” ауқымды шарасы мерекелік концертке ұласты.
Дәурен ОМАРОВ