ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ҚАТЫСТЫ КӨП ПІКІРІ ТЫҢДАЛАДЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттайтын ақпараттық-насихаттық тобы қала тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын 2017 жылғы 19 қыркүйекте сағат 15.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің көрермендер залында өткізеді.
Жаңғырудың жазудан басталатынын ескерсек, бұл бастаманың қоғам үшін құндылығы арта түседі.
Сондықтан да көкейде жүрген ойларыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, ортаға салып, аталған шараға белсене атсалысуға шақырамыз!