ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ
"Нұр Отан" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – ел тағдыры» тақырыбында "Жалын" балабақшасының ұжымымен кездесу болып өтті.
Кездесуде аудандық партия филиалының кеңесшісі Нариман Үсенұлы Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына қысқаша шолу жасап, рухани жаңғыру әрбір салада атқарылып жатқан реформалардың жалғасы екендігін атап өтті.
Хабарламашы жаңғыру аясындағы бастама – латын графикасына көшу талай електен өтіп барып қабылданған шешім екендігін жеткізді.
Жиында "Жалын" балабақшасының меңгерушісі Айгүл Файзуллақызы бұл бастаманың маңыздылығын айтып өтті.