АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖЕТІ МЫҢНАН АСТАМ КІТАП ЖИНАЛДЫ
Облыста «Кітап – білім бұлағы» базалық жобасы бойынша оқырмандардың өзара кітап алмасуына жағдай жасау, кітапхана базасында ақын-жазушылар, ғалымдармен басқа да сала тұлғаларымен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. Осы бағыттағы 6 жоба бойынша жүйелі бастамалар жүзеге асып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердәулетов хабарлады.
Осы жылдың 12 мамырында облыстағы жалпы білім беретін 293 мектепте 48 мың ата-ананың қатысуымен жалпы жиналыс өткізілді. Жиынға олардан бөлек «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жергілікті атқарушы орган, ішкі істер және құқық қорғау органдары мен ақпарат құрал өкілдері қатысты. Осы күні ұйымдастырылған «Мектепке кітап сыйла» акциясы аясында жиналған 7 мыңнан астам кітап білім ұйымдарының кітапханаларына берілді.