СУҒА КЕТКЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Осы жылғы 16 қыркүйек күні 2 сағат 55 минутта ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ кезекшілік диспетчерлік бөлімінің кезекшісіне Қызылорда облысы ТЖД кезекшісінен «Сыр ана» монументі маңында Сырдария өзеніндегі көпірден белгісіз азаматтың суға секіріп кеткені жөнінде хабарлама түсті.
Осы хабарлама бойынша моторлы қайықпен құрамында төрт құтқарушы бар жедел топ шықты. Олар мас күйінде көпірден секіріп кеткен қала тұрғынын өзен ортасынан тауып, жағаға шығарды. Алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсетіп, оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Ер азамат есін жиғаннан кейін, құтқарушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Осы оқиғаның себептерін полиция қызметкерлері анықтауда.
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік ӨАЖҚЖ» ММ