ТІЛ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ШАРА
Тіл мерекесі қарсаңыңда Байқоңыр қаласында «Тіл-ұлттың жаны, халықтың үні» тақырыбы аясында аймақтық іс-шаралар өтеді.
Қызылорда облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Байқоңыр қалалық филиалы ұйымдастырған бұл шара апта бойы жалғасады. Бүгін № 277 мектепте «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» шарасымен ашылған апталық аясында «Өмірді өлеңменен өрнектеген», «Ана тілім-күшім менің, қуатым» жыр мүшәйрасы, «Ана тілім ажарым, асыл мұрам» дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
«Байқоңыр қаласы, Төретам, Ақай елді мекендері бойынша ҮЕҰ-ларды дамытуға бағытталған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру жобаларын жүзеге асыру» жобасы аясындағы шараларға Байқоңыр, Ақай, Төретам мектептері мен ҮЕҰ, қоғамдық кеңес мүшелері қатысады.