ЖОБАЛАР АУҚЫМЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСУДЕ

Биыл 1 маусым- балаларды қорғау күнінде Қызылорда қаласының орталық алаңында балалар мен жасөспірімдердің ансамблдері мен оркестрлерінің шеруі ұйымдастырылды. Мұндай шерулер барлық аудан орталықтарында өтті.
Облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында Абай оқуларын ұйымдастыру үрдіске айналған.
– Ал «Саналы Азамат» базалық жобасы бойынша оқушылардың болашақ мамандығын таңдауына мүмкіндік беретін 6 жоба мен іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Мысалы 2017 жылы Қызылорда индустриалды-техникалық колледждің базасында «Кәсіби білім және бизнес: серіктестер пікірталасы» тақырыбында облыстық еңбек форумы өтті. Форум барысында «Өнертапқыш -2016» әдістемелік материалдар көрмесі ұйымдастырылды, – деді басқарма басшысының орынбасары.