МАМАНДАР ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ
ҚР ІІМ ТЖК "ӨОАЖҚЖ" ММ-нің қызметкерлеріне "Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстық психо-неврологиялық орталығының мамандары, психолог Қарлығаш Советқызы мен дәрігер Ләйлә Баекеева, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолог-маманы Ақмарал Исамбекова, облыстық наркологиялық орталығының психологы Эльвира Күрпейісова қатысты.
Семинарда ҚР ІІМ ТЖК "ӨОАЖҚЖ" ММ медицина-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психолог Жанар Бегманова қатысушыларға өз-өзін өлтірудің сипаты жайлы айтып, слайд арқылы суицидтің түрлері мен себеп-салдары, суицидке бейім адамдарға көмек беру жайында жіктеп түсініктеме берді.
Шақырылған мамандар қызметкерлерге өз-өзіне қол салу және оның алдын-алу жолдары жайында кең мағлұмат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Суицид туралы жан-жақты түрлері мен оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмегі мен әдістері түсіндірілді. Сонымен қатар, тақырып бойынша видиороликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды. Облыстық психо-неврологиялық орталығының психологы Қарлығаш Советқызы күйзеліске байланысты құтқарушыларға тренинг өткізді.
Семинарды қортындылай келе, жасақ құтқарушылары қатысушылар мен қонақтарға және ұйымдастырып отырған іс шараға ризашылығын білдірді.
ҚР ІІМ ТЖК "ӨОАЖҚЖ" ММ