«ӨЛКЕТАНУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ӨРІСТІ ІС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Аймақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасы бойынша туған өлкеге экскурсиялық саяхатты қамтыған әлеуметтік маңызы бар 10 жоба дайындалды.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы жылдың маусымы мен қазан айлары аралығында облыстың 5 мың оқушысы Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориальды-туристік кешенінде болып, ондағы этноауылда дайындалған көріністер мен тарихи мұрағаттармен танысуда. Осы кезеңде облыстағы 390 колледж студентінің, балалардың жазғы тынығу лагерлерінде демалушы 2 мың баланың аталған кешеннің жетістіктерімен танысуына жағдай жасалды.
Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарынан аз қамтамасыз етілген отбасының 572 баласына, 158 колледж студентіне Астана қаласындағы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесімен танысып қайтуына толық мүмкіндік ұйымдастырылды.
– Балалар мен жасөспірімдердің туристік бағыттары бойынша өлкеміздің киелі орындары мен ежелгі қалаларына, музейлеріне сапарлар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда 65 экскурсиялық сапарда 4,5 мың оқушы қамтылса, 24 өлкетану экспедициясының құрамында 1,2 мың оқушы болды. Облысымыз бен республика көлемінде ұйымдастырылған 646 туристік сапарларға барлығы 22195 оқушы қатысты, - деді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.