ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЖҮЙЕЛІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және «Мемлекететтік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қызылорда облысының филиалы мамандары бірлесіп, халық арасында әлеуметтік саланың негізгі өзгерістерін түсіндіруде. Осы мақсатта құрылған «Әлеуметтік экспресс» мобильді тобы кездесудер өткізуде.
Бұл туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Лиман Боранбаева мәлімдеді.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аганттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі бағыттары бойынша әр айдың соңғы жұма күні облыс азаматтарына «Ашық есік күндері» өткізілуде. Бүгінге дейін осы шараларда 311 адам қабылдауға келіп, олардың қойылған сұрақтарына толықтай түсініктеме берілді.