ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ МЕН «IQ ОРДА» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАСТЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «IQ орда» оқу орталығы ЖШС меморандумға отырды. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Меморандумның негізгі мақсаты – жастар бастамаларына қолдау көрсету, бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, жартылай жетім, тұл жетім жастарға тегін негізде әр түрлі бағытта оқу курстарын ұйымдастыру болып табылады.
Меморандум аясында бүгінгі таңда 8 қыркүйектен бастап 12 мектеп оқушысы математика, ағылшын тілі, физика, химия, орыс тілі пәндері бойынша оқу курстарын бастап кетті.
Оқу курстарына қатысушы оқушылар тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан. Бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын тауып, қатысушылар саны артатын болады.