АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында Қазақстан халқы ассамблеясының ақпараттық-насихаттық тобы мен филиал ұжымының кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласын талқылаған кездесуде Қызылорда ОТД қаржы директоры Ф.Сүлейменова Қазақстан жүзден аса ұлт өкілі тұратын бірлігі жарасқан елге айналғанын атап өтті. Тек осы дирекцияның өзінде 10 ұлт өкілдері ортақ үйіміз - Қазақстанның игілігі үшін қоян-қолтық еңбек етуде.
Кездесуде "Қоғамдық келісім" КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев хабарлама жасады. Ол Қазақстанның тәуелсіз мемлекет атанғалы бергі өткен кезеңдері, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.