ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ ҮЛКЕН БЕТБҰРЫС
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын зерделеу, Ұлт жоспарын іске асыру маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Дамудың бетбұрыс белесі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Қызылорда гуманитарлық колледжінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, педагог - психолог Айнұр Қосжанова, №15 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Аида Аққожаева, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Гүлнәз Бекмағанбетова, Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Шұғыла Жақсыбекова, Абылай атындағы колледжінің кітапханашысы Айымкүл Қоспанова, №5547 әскери бөлімі кітапханасының меңгерушісі Мейрамгүл Пазыл және колледж студентері қатысып, Мемлекет басшысының Ұлт жоспарынан туындайтын реформалық бағыттардың мақсаттары мен міндеттердің іске асырылуы жайына тоқталды.
Дөңгелек үстелде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына байланысты ой-пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ қатысушылар қоғамның алдында тұрған міндеттер Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиістігін, оның ең негізгісі – сапалы білім мен саналы тәрбиені жүзеге асыру екенін алға тартты.
Шара барысында «Мәңгілік ел мұраты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.