ОБЛЫС БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛУШЫЛАР САНЫ – 271.2 МЫҢ АДАМ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының міндетін атқарушы Лиман Боранбаева БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Оның айтуынша, облыс бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйегіне әлеуметтік төлем алушылар саны – 271.2 мың адам. Облыс бойынша әлеуметтік төлемге төленген – 44,4 млрд. теңге.
2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасында Лиман Боранбаева әлеуметтік блок жайлы айтты. Атап айтканда, есепті мерзімде тағайындалған төлемдер саны - 55909, оның ішінде жаңадан тағайындалғаны - 32896, қайта қаралғаны – 23013. «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының мөлшері 247 мың облыс көлемінде төлем алушылардың, оның ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін 9%-ға және базалық зейнетақы мен жәрдемақының барлық төлемдерінің түрлерін 7%-ға көбейту жұмыстары жүргізілді.
Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағы 11%-ға, базалық зейнетақы төлемі 13%-ға арттырылып, 2016 жылдың деңгейіне сәйкес 20%-ға ұлғайтылды. Облыс көлемінде 139 мыңнан аса төлем алушылардың зейнетақы мөлшерлері қайта қаралды.(69,1мың- зейнетақы, 69,9 мыңнан астам базалық зейнетақы).
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақының жоғарғы мөлшері, базалық зейнетақымен қоса есептегенде, 2016 жылғы 77 186 теңгеден 92 747 теңгеге, зейнетақының ең төменгі мөлшері, базалық зейнетақыны қоса есептегенде, 37 789 теңгеден 45 711 теңгеге, ал орташа мөлшері, базалық зейнетақымен қоса есептегенде, 55 154 теңгеден 66 721 теңгеге артты, - деді Лиман Боранбаева.