ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 1040 СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ
Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мәлімдеді.
Облыстың бас спортшысы 2017 жылдың 8 айда атқарған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттері туралы айтты.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113 млн. теңге бөлініп, облыстың 138 елді мекендерінде 270 спорт нұсқаушылары жұмыс жасап, олар 41 040 мың тұрғынды спортпен шұғылдандыруда.
- Жыл басынан бері саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыста 1040 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 234 587 адам қатысты. Осындай маңызды шаралардың бірі, ұлттық өнеріміз – Қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық турнирі өткізіліп, 7000-нан аса спортшылар қатысып, нәтижесінде биыл Астана қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан Барысы» турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев «Қазақстан Барысы» атанып, халықтың қуанышына бөленді, - деді Олжас Акимов.